Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты бағдар – әділдік пен ашықтық

0 3  091

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған саяси реформаларын іске асыру аясында елімізде жаңа сұраныстарға жауап беретін сайлау жүйесі қалыптасуда. Ол азаматтардың дауыс беру құқығы мен жаһандық демократия үдерісін нығайтуға, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағытталып отыр. Осы мақсатта 2022 жылы сайлау заңнамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оның негізгілеріне тоқталсақ, мажоритарлық сайлау жүйесін қайтару, сайлауды бақылау үшін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді енгізу, бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кері қайтарып алу мүмкіндігі, аумақтық сайлау комиссияларын кәсібилендіру, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауында бюллетеньдерге «барлығына қарсы» бағандарын енгізу, Мәжіліске өтуге партияларды тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету, Мәжілістің мандаттарын бөлу кезінде партиялық тізімдерде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыз квотаның қолданылуы сайлау жүйесінің түбегейлі жаңғыруына және қоғамды демократияландыруға жол ашты.
Осыған байланысты Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 2023 жылы тиісті жұмыстар атқарылып, алға нақты міндеттер қойылды.
Бүгінде аумақтық сайлау комиссиясының қызметі алқалы, жариялы және ашықтық бағыттарға негізделген. Қазіргі таңда Тараз қаласында 27 бірмандаттық сайлау округі, 134 сайлау учаскесі орналасқан. Олардың арасында 3 сайлау учаскесі Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы шешімімен жаңадан құрылса, 22 сайлау учаскесінің шекараларына өзгерістер енгізілді.
Сайлау учаскелерінің ғимараттарға орналасуына келер болсақ, білім беру мекемелерінде – 108, денсаулық сақтау мекемелерінде – 14, өндіріс орындарында – 4, жекеменшік ғимараттарда – 4, әлеуметтік сала мекемелерінде – 2, әскери бөлімде – 1, тергеу орнында 1 сайлау учаскесі орналасқан. Ал бір мекемеде қосарланып орналасқан сайлау учаскелерінің саны – 28 және 3 учаске ғимараттардың екінші қабаттарында орналасқан.
алпы қалалық деңгейде 162 сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Жоғарыда аталған 162 сайлау комиссиясында 2023 жылы 1 364 комиссия мүшесі жұмыс атқарған. Олардың 152-сі «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, 151-і «Ақ жол» демократиялық партиясынан, 153-і «AMANAT» партиясынан, 76-сы «ADAL» партиясынан, 145-і Қазақстан Халық партиясынан, ал қалған 687-сі қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы №98/798 қаулысымен бекітілген «2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарға» сәйкес, 60 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны 11-ден 9-ға, 15 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің саны 9-дан 7-ге және 1 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны 7-ден 5-ке азайтылып, барлығы 152 комиссия мүшесінің орны қысқарыпты.
Осы ретте айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының (1995 жылғы 28 қыркүйек N2464) Конституциялық заңының 10-бабында сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайтыны көрсетілген. Заң талаптарына сәйкес, 2024 жылға дейін жұмыс атқарған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Тараз қаласы бойынша 7 саяси партия мен 2 қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамдары Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-4 шешімімен қалыптастырылды. Қазіргі уақытта құрамдары 5 мүшеден тұратын учаскелік сайлау комиссияларының саны – 19, 7 мүшеден тұратын учаскелік сайлау комиссияларының саны – 30, 9 мүшеден тұратын учаскелік сайлау комиссияларының саны 85-ті құрап отыр. Жоғарыда аталған 134 учаскелік сайлау комиссиясы мен 1 аумақтық сайлау комиссиясында 1 077 сайлау комиссиясының мүшесі бар.
часкелік сайлау комиссияларының құрамындағы 1 070 мүшенің 811-і әйелдер, 259-ы ер азаматтар. Олардың арасында жоғары білімдісі – 965, арнаулы орта білімдісі – 102, орта білімдісі – 3. Ал мамандықтары бойынша педагогтар – 687, экономистер – 73, заңгерлер – 41, IT мамандары – 24. Ұлттық құрамына келсек, қазақтардың саны – 988, орыстар – 35, қалған 47-сі өзге ұлт өкілдері. Комиссия мүшелерінің 900-і саяси партиялардан, 170-сі қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған. Тағы бір айта кетерлігі, аумақтық сайлау комиссиясының құрамындағы – 5, учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы – 906, барлығы 911 адам бұрын комиссия мүшелігінде болған. Қалған 166 адам комиссия мүшелігіне жаңадан енгізіліп, комиссиялардың құрамы 15,5 пайызға жаңарды.
Өткен жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы және қазан айында Тараз қалалық мәслихатының №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізілгені баршаға белгілі. Аталған сайлаулар Орталық сайлау комиссиясының үлгісімен жасалған күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылған. Саяси доданың бойынша қалалық мәслихат депутаттығына 27, облыстық мәслихат депутаттығына Тараз қаласынан 7 депутат сайланған. Өткізілген сайлаулар кезінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 24 отырысы өтіп, 43 шешім және 6 қаулы қабылданған. Сонымен қатар «Жамбыл-Тараз» газетіне сайлау комиссияларының жұмысы бойынша ресми – 28, Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» парақшасында 82 хабарлама жарияланды. Сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында 2 сайлау науқанын өткізу кезеңінде 28 семинар-кеңес ұйымдастырылды.
араз қалалық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 2023 жылы өзін-өзі ұсыну арқылы 82 кандидат 27 мандатқа таласқа түсіп, мажоритарлы сайлау жүйесі жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырғанын аңғартты. Осылайша жаңадан сайланған депутаттардың құрамындағы жастар саны артып, жаңа көзқарас пайда болды. Жасы 35-ке дейінгі 28 кандидат додаға түсіп, оның үшеуі мәслихат депутаты болып сайланды.
Науқан барысында 1 534-ке жуық байқаушы сайлау процесінің ашықтық қағидатына сай өткенін бақылауда ұстаған. Оның ішінде өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдарынан – 338, БАҚ өкілдерінен – 38, саяси партиялардан – 197, халықаралық ұйымдардың байқаушылары – 8, кандидатар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдары 953 адам саяси науқанды жіті қадағалады. Жалпы орта есеппен алғанда, әрбір сайлау учаскесінде байқаушы функциясын атқару мақсатында 11 адамнан қатысты.
Қала аумағында сайлауға қатысуға 20 үгіт билборды (баннер) ілініп, 48 үгіт баспа материалын орналастыруға арналған тақтайшалары орналастырылып, кандидаттардың шарттық негізде сайлаушылармен кездесуі үшін 52 үй-жай белгіленді. Үгіт-насихат материалдарын орналастыру кезінде қандай да бір заң бұзушылықтар орын алмаған және ешқандай арыз-шағым түспеген.
Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлерімен тікелей байланыста болатын және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істейтін жауапты мамандар толықтай бекітіліп, сайлау күні қала бойынша 5 294 сайлаушы мекенжай анықтамасын алды.
«Сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын электоралды оқыту – сайлау процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Орталық сайлау комиссиясының ұсынымымен каскадты модель бойынша төмен тұрған комиссияларды оқытуды көздейтін жоспар құрылып, нәтижесінде, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 1 364 мүшесі электоралды оқытудан өтті.
айлау учаскелері орналасқан мекемелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті жағдайлар жасалды. Сонымен қатар сайлаушылар жедел ақпарат алу үшін Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясында Call-орталығы үздіксіз жұмыс істеді. Келіп түскен өтініштерге дер кезінде, яғни өтініш берілген күні жауаптар беріліп отырды.
айлауларды өткізуге байланысты 2023 жылы сот органдарына 3 өтініш түсіп, өтініштерді қарастыру қорытындысы бойынша олардың барлығы қанағаттандырусыз қалдырылған. Ал аумақтық сайлау комиссиясына түскен 3 өтініштің біреуіне сот шешіміне сәйкес және 2 өтінішті қанағаттандыру туралы жауаптар берілді. Сондай-ақ №22 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізуге байланысты «Orda.kz» сайтында жарияланған ақпаратқа байланысты Тараз қалалық прокуратурасы тарапынан анықтау жұмыстары жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша сайлау заңнамасын бұзушылықтарға қатысты Тараз қалалық прокуратурасымен учаскелік сайлау комиссияларының 3 мүшесіне байланысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру барысында сайлау заңнамасын бұзушылықтарға жол берген азаматтарды комиссия құрамына енгізуден бас тартылды. Бұған қоса, кемшіліктердің орын алуына жол бергені үшін сайлау комиссияларының 3 мүшесіне тәртіптік жаза қолданылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу барысында кандидаттардың сенімді өкілдерімен және олардың қалада орналасқан штабтарымен тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткер ретінде тіркелген кандидаттардың сенімді өкілдеріне барлығы арнайы куәліктер беріліп, тіркеу жүргізілді.
Халықаралық және басқа да бақылаушылармен, сенімді өкілдермен жұмыс заңға сәйкес жүргізілген.
септі кезеңде Тараз қаласында тұратын 427 954 адамнан 256 096 сайлаушы дерекқорға енгізілді. Сайлаушылар тізіміндегі 3 065 сайлаушыға қатысты анықталған айырмашылық Тараз қаласы әкімдігіне ұсынылып, 292 қателік жойылды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі №11/236 қаулысымен бекітілген «Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары» талаптарына сәйкес, Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен сараптау комиссиясы құрылып, сақтауға жататын 2023 жылғы 19 наурызда және 29 қазанда өткен сайлауларға қатысты құжаттар Тараз қалалық мемлекеттік архивіне 2023 жылдың шілде және қараша айларында тапсырылды. Сайлау учаскелері сайлауларды өткізу кезінде қажетті құрал-жабдықтармен және кеңсе тауарларымен толықтай қамтамасыз етілді.
Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының және Тараз қаласы әкімінің қолдауларымен Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат ауласындағы жаяу жүргіншіге арналған жолдар, жылу құбырлары, су жүретін арықтар жөнделді.
Осылайша Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылға жоспарлаған жұмыстары толығымен орындалды. Ал биылғы меже бұдан да ауқымды, жоспар жұмыр. Соған орай, арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, мерзімдеріне сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, ағымдағы жылы 1 ақпан Дүниежүзілік сайлау күніне орай, аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттерімен кездесу, сондай-ақ жас сайлаушылардың қатысуымен Ш.Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясында «Конституциялық құқық: таңдау және сайлау» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының (1995 жылғы 28 қыркүйек N2464) Конституциялық заңының 101-бабында 3-тармағының 3-1 тармақшасында шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясының тағайындайтындығы және шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізілетіндігі көрсетілген.
сыған байланысты ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Тараз қаласы аумақтық сайлау комиссиясының №5 қаулысымен Тараз қалалық мәслихатының №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 31 наурызға сайлау тағайындалды. Аталған қаулымен бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, тиісті хабарламалар (округтің, учаскелердің орналасқан жерлері, комиссиялардың құрамдары, сайлау учаскелерінің шекаралары) Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ресми сайтында және «Jambyl-Taraz» газетінің №10 санында жарияланды. Қаладағы жалпы сайлаушылар саны 258 239 немесе қала тұрғындарының 59,8 пайызын құрап отыр. Ағымдағы жылдың 31 наурызында сайлау өтетін №25 бірмандатты сайлау округі бойынша тұрғындар саны – 14 235, оның ішінде сайлаушылар саны 10 112 адамды құрады. Аталған сайлау округіне №70, №72, №86, №87, №509 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді. Мұндағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары толық жасақталған. Барлық сайлау комиссия мүшелерінің сайлау жүйесінде тәжірибесі бар азаматтардың саны 26 немесе 69,8 пайыз.
Сайлау заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау және сайлауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша комиссия мүшелерімен 4 семинар-кеңес және сайлау процесіне қатысы бар мекеме және кәсіпорын басшыларының, құзырлы орган өкілдерінің, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен 2 рет жиын өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сайлау өтетін күні коммуналдық кәсіпорындар тарапынан сайлау үй-жайларының электр, ауызсу жүйелері тексеріліп, сайлау күні тәуліктік кезекшілік қойылды. Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету үшін учаскелердің барлығына сайлаушылардың 85 пайызын қамтитын шақыру қағаздары беріліп, еріктілердің атсалысуымен ағымдағы жылдың 6 наурызынан бастап сайлаушыларға таратылған. Сондай-ақ сайлаушыларды ақпараттандыру мақсатында қаладағы «Жансая» және «Қаратау» ықшамаудандары аумағына 4 билборд (15.02.2024 ж.) орналастырылды.
андидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін – 4 орын, сайлаушылармен кездесуі үшін 3 үй-жай белгіленген. Кандидат ретінде 3 үміткер тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстары 2024 жылдың 5 наурызы күні сағат 18:00-ден басталды. Сайлауға байланысты Тараз қаласы әкімі аппараты ғимаратында Call-орталығы құрылып, жауапты ретінде 1 маман бекітілді. Байланыс телефондары қала әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды және «Jambyl-Taraz» газетінде жарияланды.
Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін Брайль әрпімен жазылған тақтайшалар, мүгедектік белгілері тактильді жолақтар орнатылған, қосымша арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Сайлаушылар тізімін нақтылау, өзектендіру жұмыстарын да бақылауда ұстау аумақтық сайлау комиссиясының назарынан тыс қалған емес. Осы бағытта қала әкімшілігінің мамандарымен бірлесе отырып, сайлаушылардың тіркелген жері бойынша мекенжай тіркелім кодтарын (РКА) тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстары жүргізілді.
Сайлау нәтижесінде Орхан Бахтиярович Багбанов үшін сайлаушылардың – 54, Елдос Тұрсынбекұлы Далабай үшін сайлаушылардың – 287, Байдәулет Әбукәрімұлы Садыров үшін сайлаушылардың 77 дауысы берілсе, 38 бюллетеньге «барлығына қарсы» белгісі қойылған. Осылайша сайлау қорытындысы бойынша №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» КММ-нің басшысы Далабай Елдос Тұрсынбекұлы сайланды.
уырда Тараз қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, бекітілген болатын. Соған орай, Байзақ ауданынан 4 сайлау учаскесі мен №7, №8 сайлау округі, Жамбыл ауданынан 11 сайлау учаскесі мен №10, №12 және 7 аралас сайлау округі қала аумағына енеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Тараз қаласының екі әкімшілік аумаққа бөлінуі бойынша 4 сайлау округі мен 2 сайлау учаскесінің шекараларына өзгерістер енгізіледі.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті дайындық жұмыстары қолға алынған. Енді өзгерген шекаралар бойынша картасын қайта сызылып, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтілген түрде жүргізілмек.
Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы сайлау учаскелерінің паспорттарын дайындау және түгендеу, барлық сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру, округтер мен сайлау учаскелерінің шекараларын айқындау жұмыстары да басталады.
Аумақтық сайлау комиссиясының сайтынан АСК қызметін, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын, отырыстар мен шешімдерді жария етуді, сайлау науқанының негізгі аспектілерін түсіндіруді, сондай-ақ сайлау науқанының кезеңдері инфографикасын, фотоматериалдарды, сайлау процесінің қатысушыларын ақпараттандыру сияқты мәліметтерді көруге болады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың сайлау құқықтарын халыққа уақтылы жеткізу үшін оларды іске асыруға қатысты инфографикалық материалдар жарияланып отырады.
Тараз қаласының сайлаушылар санына мониторинг жұмыстары үнемі жүргізіліп, сайлаушылар саны үш мыңнан асуы мүмкін сайлау учаскелерге қатысты тиісті шешім қабылданады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сайлаушылар санының артуына байланысты «Ұлы дала» ықшамауданынан қосымша сайлау учаскесін ашу жоспарға енгізіліп, қазіргі уақытта тиісті құжаттары рәсімделуде.
Сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе, бұл науқанның да маңызы арта түспек.
Жарқын болашақтан үміттенетін әрбір сайлаушының сайлауға барып, таңдауын жасауы маңызды.
ауыс беруге келу қажеттілігінің ең маңызды себебі – дауыс беру құқығын жүзеге асыру. Мемлекет азаматтарға дауыс беру құқығын берді, сондықтан оларды елемеуге болмайды.
Өкінішке қарай, «абсентеизм» (лат. absentis – жоқ) деп аталатын теріс саяси мінез-құлықты ұстанатын азаматтардың бір бөлігі дауыс беруге қатысуды өзінің міндеті деп санамайды. Мұндай ұстаным түбегейлі дұрыс емес, өйткені қоғамның әрбір мүшесінің белсенді азаматтық ұстанымы ғана елдегі жағдайды өзгертуге, қарқынды дамуға және өмір сүру деңгейін, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылықты арттыруға серпін бере алады. Осы орайда атап өтер жайт, демократиялық мемлекеттің белгісі сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысу мүмкіндігі азаматтардың құқығы ретінде анықталады. Сайлауға қатысу арқылы ішкі қалауымызды ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Сондықтан саяси маңызы зор шараға қатысып, лайықты таңдау жасау – әрбір азаматтың құқығы әрі парызы.
Қорыта айтқанда, сайлау – халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғам деңгейінің көрсеткіші. Еліміздегі сайлау өткізу әдісі қоғам сұранысына сай бейімделіп келеді. Енді тек сайлаушылардын белсенділігін, сайлау мәдениетін арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуі керектігі күн сайын дәлелденуде. Мұндағы басты бағдар әділдік пен ашықтық екені айқын. «Елдің келешегі бізге, барлығымыздың қажырлы еңбегімізге байланысты», – деп Президентіміз айтқандай, халыққа қызмет ету жолында Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы бар күш-жігерін одан әрі аямайтынына сенім мол.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.