Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баспана мәселесі ауылдық округтерде шешімін табуда

0 391

Облыс әкімінің «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауданымызда тағы бір отбасы баспаналы болды. Қорағаты ауылдық округіндегі ауыл азаматтарының атсалысуымен әлеуметтік аз қамтылған бір отбасы үйлі болды. Аталмыш жоба аясында салынған үйдің кілті ауыл халқының атынан салтанатты түрде табысталды.Бұған дейін ауданда жоба аясында 7 үй берілген болатын. Бүгінгі күні көптің көмегімен 10 үй салынуда.

Сонымен қатар Жаңақоғам ауылдық округінде кәсіпкер Сағадат Мадалиевтің демеушілігімен Тәуелсіздігіміздің 30 жылыдығына орай тағы да бір отбасы баспаналы болды. Бұған дейін де көп шаруда қолының ізін қалдырып жүрген аудандық мәслихат депутаты Сағадат Мадалиев қиын тағдырлы отбасына қуаныш сыйлады. Пәтер кілтін тапсыру салтанатына арнайы қатысқан ауылдық округтің әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы құттықтау тілектерін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.