Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баспана – бақыт шамы

0 182

Шаһардағы №15 ықшамауданда 80 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов бастаған азаматтар қатысты.

Әуелі сөз алған Қайрат Әбілханұлы көпшілікті қоныстарымен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.
– Егемендік жылдарында елімізде халықты баспанамен қамту мақсатында көптеген бағдарламалар қабылданып, ілкімді істер жүзеге асты. Бұл бағытта облысымызда да атқарылған ауқымды жұмыстар аз емес. Бүгін міне, зор қуанышқа кенеліп, қоныс тойын тойлағалы тұрған тұрғындар – соның жарқын айғағы.
2020 жылы бюджет есебінен 34,8 миллиард теңгені құрайтын 3 822 пәтерлі 66 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 2 131 пәтерлі 38 тұрғын үй пайдалануға берілсе, былтыр 21,9 миллиард теңгені құрайтын 4 482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, 2 241 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен бөлінген 933,7 миллион теңгеге 112 пәтер сатып алынды. «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасы шеңберінде де баспанаға қол жеткізген жерлестеріміз жетерлік, – деген ол қуаныш иелеріне пәтер кілттерін табыс етті.
Жалпы бұл күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар, мемлекеттік, бюджеттік, әскери қызметшілер жаңа пәтерлерге ие болды.

Құрбанәлі Шахабай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.