Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бас санитария дәрігері қазақстандықтарға маска тағуды ұсынды

0 1  415

Қазақстанның бас санитария дәрігері адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, бүгін ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 инфекциясының, тұмау және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өткен.

«Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтиже көрсеткен 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтиже көрсеткен 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99 пайызы сауығып кетті», – деді отырыс барысында денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.

«Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 пайызға өсті», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуы өскенін көрсететіні айтылды.

Осыған байланысты, Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20 пайызға өсті.

Есмағамбетова Республикадағы коронавирус инфекциясы бойынша жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды:

  • халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;
  • үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;
  • ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;
  • сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.