Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Барлығы қымбаттайды»: Қазақстанда күзде инфляция бағамы өсе ме – Сарапшылар пікірі

0 1  266

Доллардың бағасы құбылып тұр. Ақша айырбастау орындарында оны 477 теңгеден сатып жатыр. Жыл басынан бері ұлттық валюта бағамы көп өзгерістерге ұшырады. Ал күзде қалай болады? Америкалық валюта тағы да қымбаттап, салдарынан инфляцияның өсіп кетуі мүмкін бе? Бұл мәселеге қатысты мамандар өз ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетов теңге бағамының көп затқа тәуелді екенін айтады.

«Теңге бағамы көптеген көрсеткіштерге байланысты өзгеріп тұрады. Бұл – мұнай, екіншіден, үкіметтің экономикалық саясаты және үшіншіден, Қазақстанның мұнайды экспорттау мүмкіндігі. Сірә мұнай бағасы жоғары дәрежеде қала береді, барреліне 90 доллардан жоғары болатыны анық. Теңге бағамы азды-көпті тұрақты болады», – дейді Рысмамбетов.

Әлемдік валюталарды не күтіп тұрғаны жөнінде тоқталған экономист Айдархан Құсайынов доллардың «салмағы ауырлай» беретінін айтады.

«Қытайдың өсімі айтарлықтай баяулады, сондықтан Федералды резервтік жүйесі ақша-несие саясатын қатаңдатуды жалғастырады. Тиісінше доллар бағамы нығая түседі. Екінші жағынан, егер рубльдің долларға шаққандағы бағамы туралы айтатын болсақ, онда қызықты жағдай туындайды. Біріншіден, тақырыпты жалғастыра отырып, күзде рецессияның тағы да болатыны белгілі болады деп ойлаймын. Мұның барлығы мұнай бағасына әсер етеді», – деп түсіндіреді экономист.

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетовтің ойынша, күзде тұрақты болатын инфляция қыста қайта үдейді.

«Күзде инфляция әдетте төмендейді, өйткені бізде егін, өзіміздің өнімдер, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан келетін өнімдер бар. Сондықтан инфляция азды-көпті «тынышталады». Сосын қыста, қыстың соңына қарай қайта өседі. Бұл әдетте ылғи солай болады. Шындығына келсек, жылдық есеп бойынша он екі жарым-он үшке жетеміз деп үміттенемін», – деп болжайды ол.

Экономист Айдархан Құсайынов азық-түлік бағаларының түгелдей қымбаттайтынын болжайды.

«Әкімдердің базарларды аралап, бағалардың тұрақтылығын сақтауға тырысу қантқа, дизельге және тағы басқаларға мемлекеттік реттеу енгізу – бұл бәріне әсер ететін уақытша нәрсе. Ия, мүмкін дизельдің бағасын, қанттың бағасын ұстап тұруға болатын шығар, алайда барлығы қымбаттайды. Себебі бұл ішкі бұрмалаулардың нәтижесі», – деп түйіндеді Айдархан Құсайынов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.