Қалалық қоғамдық-саяси газет

Банктерге сенбілікке шығу бес тиын

0 791

Жуырда қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен шаһарда 2 айлық сенбілік басталған болатын. Осыған орай облыс орталығындағы барша мекемелер шаһар тазалығына барынша үлес қосуда. Айталық, өткен сенбілікке жалпы саны 7970 адам қатысып, 21 арнайы техниканың көмегімен 126 тонна күл-қоқыс шығарды.

Осы орайда барлық облыстық және қалалық мекемелерге, кәсіпорындарға, облыстық басқармалар мен қала әкімдігінің бөлімдеріне, кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне сенбілік туралы хабарлама беріліп, бас инспекторлар арқылы әрбір квартал комитетінің және пәтер иелері кооперативтері мен үй ағалары да құлағдар етілген. Дегенмен сенбілікке шығуды ұят санайтын мекемелердің қатары әлі де азаймай тұр.
Нақтырақ атап өтер болсақ, «Жамбыл гипс» АҚ, «ЗМУ» АҚ, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ, «ТЭО» АҚ, №4 АҚ, Зейнетақы төлеу орталығы облыстық филиалы, қалалық ішкі істер басқармасы, РЭЧ, «Бином» ЖШС, «ТаразТранс» ЖШС, «Екі жұлдыз», «Версаль» мейрамханалары, «Бейбарыс газ» ЖШС, ветеринария инспекциясы, жұқпалы аурулар ауруханасы, «Коммаш», «Бек», «Арзан», «Нұралы» базарлары, облыстық қорғаныс департаменті, №1 емхана, «Мейірім» медицина орталығы, «Автобекет» ЖШС, «Арзу» ЖШС, «Сәлем» сауда үйі, «Қайқармет» базары, «Каспий банк», «Нұрбанк», «Халық банк», «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Салтанат» базары, «Лада-Тараз» ТЖО, «Сафият», «Дәмді себет» сауда үйлері, «Жібек жолы» базары, «Бірлік» жиһаз дүкені, «Бикен» моншасы, «Агроспецстрой» ЖШС, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Құрбанов» ЖК, «КЕГОК» АҚ, «ЭЧ-21», «Қамқор локомотив» депосы, «ГРЭС» санаториясы, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Әулиеата» жанармай қоймасы, «ШНОС» АҚ, «ПМС-22» ЖШС мен өзге жеке кәсіпкерлік нысандар әлі де сыннан сабақ алып, қорытынды шығармай отыр.
Сенбілікке немқұрайлы қарап жүрген кей мекемелер тазалық денсаулық кепілі екенін жете түсінсе игі еді.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.