Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балконнан құлайын деп тұрған сәбиді құтқарған студент марапатталды

0 222

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Махмұд «Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматыда марапатты ұжым алдында салтанатты жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев тапсырды. Ол Ерасылдың ата-анасына балаға лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда осындай жастар барда аға буын еліміздің болашағына қатты алаңдамай, сенімді болатынын атап өтті», – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар баланы құтқару кезінде көрсеткен жедел әрекеті үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды.

Балконнан құлайын деп тұрған сәбиді құтқарған студент марапатталды

21 шілдеде Ерасыл Махмұд көмек сұраған 67 жастағы Ермекбай Тамабаевтың айтуымен тұрғын үйдің жетінші қабатындағы балконның темір торында салақтап тұрған баланы құтқарды. Сәби соңғы күшін жинап, өмірі үшін жанталасып жатқан болатын. Сол сәтте оған Ерасыл көмекке келді.  Осылайша, Ерасылдың батыл әрекеті мен оқыс жайтқа бейжай қарай алмаған Ермекбай Тамабаевтың қырағылығының арқасында бала құтқарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.