Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалардың жазғы лагері қалай ұйымдастырылуда?

0 520

Жадырап жаз да келіп жетті. Бұл мезгілде оқушылар тынығу лагерьлеріне баруға асығады. Бүгінде облысымызда мұндай демалыс орындары өте көп. Солардың бірі – «Art-like 2022» лагері. Мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Таңғы сағат 8:30 бастап балалардың қызықты өмірі басталады. Күн тәртібі бойынша олар алдымен сапқа тұрып, жаттығу жасап, денелерін шынықтырады. Бұдан кейін таңғы астарын ішіп, үйірмедегі сабақтарға қатысады. Мұнда бірі ағылшын тілін меңгерсе, енді бірі сурет салудың қыр-сырына қанығады. Әрине бұл үйірмелер балғындардың таным көкжиегін кеңейтері сөзсіз.

Үйірмелердегі бір күн қызықты іс-шарасыз өтпейді. Кешкі астарын ішкен соң да балалар «Жалын TV», «Ериншектер елі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сынды қойылымдарды көпшілік назарына ұсынады. Үздік өнер көрсеткендері арнайы Алғыс хаттарға ие болып, марапатталады. Бастысы балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, ерекше көңіл-күйге бөленеді.

Бұл біз көзбен көрген лагерьдің бір күні. Соның өзінде әрбір балғын бақыттың құшағында тербелгенін байқадық. Баланың алаңсыз күлкісі әлемнің тыныштығы емес пе?

Нұрсәуле Мырзағалиева,

Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.