Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Балалардың күлкісі – көркі мен сәні әлемнің»

0 679

Халықаралық балаларды қорғау күні – баршаға балғындарды қорғап, олардың қауіпсіздігін әрдайым қамтамасыз ету керектігін еске салатын айрықша мереке. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан оларға қамқорлық көрсету – қоғамның басты аспектісі.

Айшықты мерекеге орай Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Балалардың күлкісі – көркі мен сәні әлемнің» атты ертеңгілік өтті.
Шара барысында тәрбиеленуші балғындар ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Мерекемен құттықтап келген демеушілер қызмет алушыларға тәттілер мен сыйлықтарын тарту етті. Өз кезегінде ата-аналар да жылы лебіздерін білдірді.

Ұлдана РӘПІЛБЕК,
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну
орталығының дефектологы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.