Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы 2023 жылға дейін ұзартылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.
Елордада балалар әдебиеті жылы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған 40 кітаптың тұсаукесері өтті.
Іс-шара барысында Мәдениет және спорт министрі атап өткендей, балалар әдебиеті жылы аясында ведомство жалпы саны 492 мың дана таралыммен 168 қоғамдық маңызы бар кітап шығарып, таратты. Министр жарияланған 34 кітаптың барлығы отандық жазушылардың шығармалары екенін айтты.
«Осындай оң бастамаларды жалғастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылын 2023 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл бастамалар қазіргі балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Сансызбай Сәргасбаев сияқты классикалық жазушыларының дамуына және қалыптасуына ықпал ететініне сенімдіміз», деді Ақтоты Райымқұлова.
Айта кетсек, балалар мен жасөспірімдерге арналған 40 басылым жалпы таралымы 120 мың дана болып шықты, олар Республиканың мемлекеттік кітапханаларына тегін таратылды.