Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалар алаңы пайдалануға берілді

0 407

Қаратау қаласының «Жастар» саябағында «KMF» компаниясы мен «KMF-Демеу» корпоративтік қорының демеушілігімен Балалар жылына орайластырылған балалар алаңының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шараға Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов, «КMF Демеу» корпоративтік қорының жоба координаторы Анар Жансерікова және «КМF» микроқаржылық ұйымының Жамбыл филиалы аймақтық директоры Дәурен Оралбек қатысты.
Кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған қаржы ұйымының ұжымына Қаратау қаласының әкімі Дархан Тобашұлы шексіз ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Шараға қатысқан бүлдіршіндерді аниматорлар түрлі ойындармен көңілдерін көтеріп, қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды.
Нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан микрокредиттік ұйымның бүгінгі күнге әлеуметтік жауапкершілік негізінде басты бағыттарының бірі балаларды қолдау және дамыту болып табылады.

Дайындаған Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.