Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балаларға күрделі ота жасалды

0 292

Жуырда облыстық көпсалалы балалар ауруханасында «Туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қол деформациясы бар балаларды емдеу» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

Соның аясында Тараз қаласына арнайы келген травматолог-ортопед, балалар хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты А.Кольцов және Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік сараптама, протездеу және мүгедектерді оңалту ғылыми-практикалық орталығының бірінші балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Г.Альбрехт «BI-Жұлдызай» қорының қолдауымен жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, түрлі кеңестерімен бөлісті.
– Ресейлік әріптестердің келуі, әрине, біздің мамандарға кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік тудырады. Бұрындары тұрғындарымыз Астанаға немесе Алматыға барып, онда туа біткен патологияның күрделі және аралас түрімен емделген болса, енді біздің хирургтар оларды жергілікті жерлерде өз бетінше жүргізе ала- ды, – деп атап өтті облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Ержан Әбдіхалықов.

Оқу барысында Жамбыл және Түркістан облыстарынан жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарының күрделі ақауларымен келген 25 балаға операция жасалып, консультациялық-диагностикалық көмектер көрсетілді.
Барлық ота түрлері жергілікті ортопедия және травматология бөлімшелерінің дәрігерлерінің қатысуымен сәтті орындалды.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.