Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балаларға базарлық

0 295

Жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі Тараз қалалық білім бөлімінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 19 маусым күні 330 оқушы қала сыртындағы Берікқара лагеріне жол тартты. Бұған дейін 50 бала «Тау самалы» лагеріне сауықтыру мақсатында жолданған болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен ауысымдық кестеге сай жүзеге асып отырады. Бір кезеңге барған оқушы 12 күн сауықтырылады. Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға ата-аналарының өз өтініштері негізінде тегін жолдамалар қарастырылған.
Жекеменшік нысандағы аталған лагерьлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес қорытындысын жергілікті департаменттен алып, бүгінгі күні өз жұмысын жалғастыруда.

Гүлдана ЖҰМАДІЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының
3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.