Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балаң қазақша білмесе және соны мақтан көрсең, онда сен екінші сортсың

0 428

Қазақ болу деген басқаларды жек көру емес, өзіңнің табиғатыңа сай болу деп есептейді, белгілі баспагер, жазушы Арман Әлменбет. Ол өзінің Facebook парақшасында қазақ тіліне қатысты бірқатар ұстанымдарын жазып бөлісті.

«Біз, яғни қазақша өскен қазақтар, өзімізді екінші сорт сезінеміз. 99 пайызымыз сондаймыз. Оны айтпасақ та, аттап басқан сайын ісімізбен, сөзімізбен көрсетіп қоямыз. Мысалы… Егер сен Әйгерімді Айгера, Айнұрды Айнура десең (өйткені орыстардың аттары Наташа, Лена, Саша, Ксюша ғой), ата дегенді аташка (дедушка), әже дегенді әжека (бабушка), апа/әпке-сіңілі/қарындас дегенді сестра дейтін болсаң; Егер сен балаңды орыс сыныбына берсең; Балаң қазақша білмесе және соны мақтан көрсең, онда сен екінші сортсың және соған көндіккен адамсың. Ауруды емдеу үшін мойындау керек. Егер екінші сорт екенің рас болса, онда соны мойында да, жоғарыдағы әдеттеріңнен құтылып, керісінше істе. Мына ел біздікі. Біз қазақша сөйлесіп, қазақша өмір сүретін бақытты елге айналуымыз керек»,- делінген жазбада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.