Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байден Путинге қарсы қандай жағдайда санкция салынатынын айтты

0 1  410

АҚШ президенті Джо Байден егер Ресей Украинаға басып кірсе, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялар қолдануды қарастыратынын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Байден Путинге қарсы санкциялар шабуыл болған жағдайда Ресей көретін «ауыр зардаптарының» бір бөлігі болатынын айтып отыр. Ол сондай-ақ Путин Украинамен шекараға тартылған жүз мыңнан аса әскермен не істейтінін білмейтінін атап өтті.

«Менің ойымша, тіпті өз адамдары оның не істейтінін нақты білмейді», – деді Байден.

Бұған дейін Байден Украинаны басып алған жағдайда Ресейді доллардан «кесіп тастау» туралы айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.