Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бабалар ерлігі ұмытылмайды

0 63

Биыл еліміздің мектептерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл айтулы күннің маңыздылығы мен ерлік рухын ұлықтау мақсатында Тараз қаласының оқу ордалары да өз үлестерін қосып, түрлі мәдени, тарихи және шығармашылық жобалар ұйымдастыруда.

Аталған қатардан Тараз қалалық №56 орта мектебі де шет қалып жатқан жоқ. Білім ошағында мұғалімдер мен оқушылар бірлесе 80-ге жуық іс-шара өткізілді. Олар Жеңіс күнінің маңызын терең түсініп, оқушыларға патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен.
Шаралар қатарына тақырыптық дәрістер, тарих сабақтары, ғылыми конференциялар, өнер және шығармашылық көрмелері, сондай-ақ ардагерлермен кездесулер кірді. Әрбір оқушы Жеңістің тарихи маңызын өз деңгейінде ұғынуға мүмкіндік алуы басты мақсат ретінде көзделуде. Мектептегі жас ұрпақтың Жеңіс үшін күрескен батырларға деген құрметі мен олардың ерліктерін ұлықтау сезімі айқын көрініс табады деген сенімдемін.
Сонымен қатар Жеңіс күнін ерекше атап өту үшін «80 кітап» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханасы Жеңіс туралы кітаптар мен естеліктерді қайта түптеп, оларды оқушыларға ұсынады. Кітаптар арасында Ұлы Отан соғысы туралы жазылған шығармалар, батырлар туралы әңгімелер, соғыс кезіндегі халықтың ерлігі мен тағдыры жайлы кітаптар болады.
Бұл жоба арқылы оқушылар соғыс жылдарындағы жазушылар мен журналистердің шығармаларын, сондай-ақ соғыс ардагерлерінің естеліктерін оқып, тарихты өз көзқарастарымен зерттеуге мүмкіндік алды. Кітаптар оқушыларға соғыс кезеңінің ауыртпалықтарын, ерлік пен құрбандықты сезінуге, сондай-ақ бейбітшіліктің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді деген сенімдемін.

Асель Жакибаева,
№56 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, ДТІЖО.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.