Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бабалар ерлігі мәңгі жадымызда!

0 545

Рейхстаг төбесінде жеңіс туын желбіреткен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды. Халқымыз 4 жылдан астам уақытқа созылған сол бір қасіретті күндерді ешқашан естен шығарған емес.

Бұл – егеменді елдің ата-бабаға деген сый-құрметі. Оттан да ыстық Отанның тарихы әркез жадымызда. Біз әрдайым елінің болашағы үшін жан алысып, жан беріскен, небәрі 18 жасында соғысқа аттанып, неміс фашистерінің ұясы Берлинге дейін жетіп, Рейхстахқа алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне бас иеміз.
Бүгінде саусақпен санаулы ғана қалған майданның көзі тірі куәгерлерінің құрметіне мәдени жиындар ұйымдастырылып, жастарға дәріптеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл еліміздің ертеңі – жастарымызға, өткеннің келерге сабақ екендігін айқындап, нағыз патриотизмді оятуға негіз болмақ.
Жау дегенде жүрегі шайлықпай, қасқайып қарсы шыққан ерлердің мәртебесін биік ету – қазақ үшін ежелден зор абырой. Қазақтың даңқын жоғарылататын, төскейге шапқан жаудың бетін қайтаратын қазақтың батыр ерлері бізге мақтаныш болса, кезіндегі жауға қорқыныш еді. Жойқын да қатал ұрыстың атойлап сардары болған, жанын арын артық көрген атаның ұрпағы екеніміз кеудемізді мақтанышқа толтырады. Ел үшін етігімен су кешкен батырларымыз болмаса, азат күнге жетер ме едік?
Жеңіс деген – бір күндік атойлау ғана емес. Өйткені азат елде еркін ойлы, табанды, күрескер азаматтардың шығуының өзі зор жеңіспен пара-пар. Ол үшін баһадүр бабаларымызға мәңгі қарыздармыз.
Қасіретті күнде қасқайған Алаш азаматтарының да қасқайған мінезінің, ерен еңбегінің арқасында біздің қоғамның қазіргі деңгейі кей елге арман.

Жанар Бекбергенова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.