Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардың бірқатар азаматтарын жеке сұрақтармен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі мәселесі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, Тектұрмас көшесіне ауыз су, жол салу және көше жарығын орнату бойынша мәселелерді көтерді.
Қала әкімі азаматтардың мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның өтініш-тілегін жауапты мамандарға тапсырды.
Айта кетейік, бүгін қала әкімінің қабылдауына 9 азамат келді.