Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беретін кезі жақындады – ІІМ

0 150

Комитет мамандары Есентаевтың жалпы негіздегі мекемеде жазасын өтеп жүргенін жеткізді.

Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев жазда мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Sputnik Қазақстан агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш беру мерзімі әлі келмегенін хабарлады.
Бірақ жасаған қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге мүмкіндігі бар. Ал жазаның үштен екісі іс жүзінде биыл 10 маусымда өтеледі.
«Жазасын өтеуші мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш білдіргеннен кейін 10 күн ішінде мекеме әкімшілігі сотталғанның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбекке және оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса ұсына отырып, сотқа жолдайды», — делінген комитет жауабында.
Комитет мамандары Бақытбек Есентаевтың жалпы негіздегі мекемеде жазасын өтеп жүргенін де жеткізді.
«Денсаулығы қанағаттанарлық. Туыстарымен тұрақты түрде байланысып тұрады. Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес белгіленген міндеттерін орындайды», — дейді мамандар.
Айта кетері, Бақытбек Есентаев әйелін соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 2016 жылдың 10 маусымынан бастап жазасын өтеп жүр.
Баян Мақсатқызы осы оқиғадан кейін ажырасуға арыз беріп, қыз кезіндегі тегін алған. Ал сотта өзінің бұрынғы күйеуіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
Алайда сот Бақыт Есентаев аса ауыр қылмыс жасады деп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Апелляциялық сот бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Есентаев Алматы облысындағы ЛА-115/8 түзету мекемесіне жіберілген. Ал Баян Есентаева кәсіпкер Тұрсенғали Алагөзовке тұрмысқа шықты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.