Қалалық қоғамдық-саяси газет

БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салмақ

0 248

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Abu Dhabi Sewerage Services Company» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Тараз қаласындағы кәріздік-тазарту құрылыстарын салу жобасы талқыланды.

Аймақ басшысы кәріз инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйімен таныстырып,  бұл бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешуге әлеуетті инвесторлардың қатысу маңыздылығын атап өтті.

– Тараз қаласындағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 300 шақырымға жуықтайды. Қазір облыс орталығында ғана емес, облыстың үш аудан орталығында да осындай кәріз-тазарту құрылысын салу жобаларын жүзеге асыру тетіктері қарастырылуда, – деді Нұржан Нұржігітов.

Компанияның бас директоры Ахмед Сүлейман Халфан Салем Аль-Шамси жобаның еуропалық талаптар мен стандарттарға сай жүзеге асырылатынын жеткізді.

Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.