Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баға тұрақтылығы – басты назарда

0 157

Көне шаһарда ауыл шаруашылығы саласы да алшаң басуда. Аталған салада 2023 жылы «Алель агро» АҚ-ы инкубаторлық цехын ашып, 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарымен («Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Фиркан», «Нұрислам», «Алма», «Нурила»), 2 базар («Ауыл Береке», «Сұлтан») және 16 әлеуметтік дүкенге тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Шаһар тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 11–ші жұлдызынан бастап әр аптаның сенбі күні «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында 26 жәрмеңке өткізіліп, 687,1 миллион теңгеге 1076 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен өткерілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.