Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баға тұрақтылығы – басты назарда

0 148

Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр.Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл әкімдігі бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда. Мәселен, Жамбыл ауданында негізгі азық-түлік, азық-түлік емес және ақылы қызмет көрсету бағаларын тұрақтандыру, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Жамбыл ауданы әкімдігінде  тұрақты жұмыс жасайтын штаб құрылған.

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында барлық ауылдық округтерде мониторингтік топтар құрылып жұмыс атқаруда. Мониторинг жүргізуге аудан орталығынан 4 ірі сауда орны және әр ауылдық округтан бір негізгі сауда орындары барлығы 20 нысан таңдалды. Сауда орындарынан әлеуметтік сөрелер белгіленді. Сөрелерде сауда орындарында сатылып жатқан негізгі әлеуметтік азық түлік тауарларының 19 түрі бойынша шекті бағалары көрсетіліп қойылды. Аудан аумағындағы сауда орындарымен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 149 меморандумға қол қойылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуін қадағалау бағытында облыстық кәсіпкерлік басқармасынан алгоритм алынды. Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен (ЕРСОП) базалық жүйесіне кіру кілті алынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде тиісті шаралар жүргізілуде.

Аудан аумағында орналасқан 68 дүкен басшыларына Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылғандығын туралы ескертпе парағы таратылды.

Жалпақ төбе ауылында жеке кәсіпкер Н. Маюфидің «Достар» дүкеніне және Сұлу төр ауылындағы жеке кәсіпкер М.Даврушевтің «Рамин» дүкеніне зерделеу жүргізіліп тауарларға үстеме ақының 15,0% асқаны анықталып, ЕРСОП жүйесі арқылы ресми түрде ескерту берілді.

Ауданда тіркелген 2-наубайхана және 8-күлше нан шығаратын шағын цехтар жұмыс істеп тұр. Наубайханалар         І-сұрыпты ұнның 1 кг 143-147 теңгеден алуда. Аудандағы екі наубайхананың бір күндік өнім шығарылымы 2 000 дана қалыпты нан. Аудандағы елді мекендерге Тараз қаласының «Хлебный Дар» нан зауытынан бір бөлке қалыпты нанның бағасы 87 теңгемен жеткізілуде. Дүкендердегі сатылым бағасы 90 теңге (Аудан халқының бір күндік тұтынатыннан көлемі 12,0 мың дана қалыпты нан).

Сауда орындарындағы азық-түлік қорының көлемі анықталды және күнделікті жаңартылуда. Қазіргі таңға сауда орындарындағы азық-түлік қоры 80,0 тонна аралығында оның ішінде – 9 915 кг ұн қоры, 2 135 шт нан, 4 035,1кг макарон қоры қалыптасқан.

Сонымен қатар, 16 570 данаға жуық жұмыртқа бар. Бұл жерде белгіленген ережеге сәйкес аудандағы азық-түлік дүкендеріндегі мәлімет жинақталып, Апта сайын бейсенбі күні облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармаларына жолдануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.