Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бәсекеге қабілеттілік – заман талабы

0 265

Бәсекеге қабілетті жас жұмысшы мамандығын даярлау – уақыт талабы. Кәсіби білімді маманның құзыреттілігін біліктілік пен іс-әрекетті атқаруға деген теориялық және практикалық дайындығы мен қабілетінің бірлігі деп түсінеміз.

Бәсекеге қабілетті жас жұмысшы мамандығын даярлау мақсатындағы алдағы маусым айында болатын «WorldSkills-2023» республикалық чемпионатына колледж студенттері мен түлектері мамандықтары бойынша қызу дайындық үстінде. Бұл чемпионат жылдан-жылға қарқын алып, жастардың қызығушылығын арттыруда. Нарықта «электргазбен дәнекерлеуші», «автослесарь», «автоэлектрик» және «аспаз» мамандықтарына сұраныс өте жоғары. Қазіргі уақытта заман талабына сай жаңа технологияларды жақсы игерген түлектің білімді, ізденімпаз, жауапкершілігі мен намысы жоғары, өр мінезді болып келе жатқаны қуантарлық құбылыс. Іс-қимылы шапшаң, іскер азаматтарды, жастарымызды өндіріске даярлауды уақыттың өзі талап етіп отыр. Еліміздің өркендеуі саналы да салауатты іскер мамандар көп болса ғана дамитынымыз анық. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрімізде салт- ғұрпымызды игерген жастардың мамандықтары мен адамгершілік капиталы дамуы үстінде. Осыған алдыңғы ағалар дұрыс жол көрсетіп, қошеметтерін сый-құрметпен елесе, жастар ісі жандана түсетініне кәміл сенемін. Адам ғұмырында жақсы ұстаз ең алдымен жақсы лектор деген ұғыммен астасып тұрады. Ол бәрінен бұрын өз пәнінің білгірі болуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, дәріс оқудағы шеберліктің сиқырлығы неде деп ойлануға болады. Дәрісхана – білімнің қасиетті ұстаханасы. Онда әрбір ұстаздан өзінің білімін, ойын жетілдірер, жанына рухани азық берер деп күткен келешек бар.
Сондықтан жас мамандарға үлгі-өнеге көрсететін ұстаз қауымы сеніммен келген шәкірттердің үкілеген үмітін ақтауы керек. Адал ниетпен, таза жүрекпен, ұстамдылығымен, даналығымен қатар тұратын құзыреттілігі жоғары, саналы ұрпаққа сапалы білім мен кәсіби шеберлікті уақыт талабына сай даярлайтын мамандар қажет. Өндірісте жаңаша өзгерістердің ұстамдылығы мен даналығы қатар тұратын құзыреттілігі жоғары, саналы ұрпаққа сапалы білім мен кәсіби шеберлікті, уақытта өндірісте жаңаша өзгерістердің енгізілуін болашақ еншісіне сеніммен үміт артып отыр.

Бақыт Бегалиева,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің аға шебері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.