Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүркіт: Кеш үйленгеніме өкінбеймін, Аишаны жолықтырған Аллаға мың да бір рақмет

0 875

34 жасында отбасын құрған Бүркіт бұған еш өкінбейді. Қайта кеш болса да, Аишаны жолықтырғанына дән риза. Бұл туралы Бүркіт «Таңғы Хабар» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ешқашан өкініш болмайды. Барлығы бір Алланың қолында, бұйырғаны. Аишаны жолықтырғаны үшін Аллаға мың да бір рахмет айтамын. Көзінше мақтамай-ақ қояйын, бірақ өте жақсы адам», – деп ағынан жарылды Бүркіт.

Екеуі отбасын құрғанда Аишаның жасы небәрі 21-де болған. Бүгінде екеуінің екі ұл, бір қызы бар. Биыл жұлдызды жұптың отасқанына 11 жыл. Былтыр он жылдықты тойлауға карантин кесірін тигізіпті. Ал биыл ұлдарын сүндетке отырғызып, ата-анасын Тараздан Алматыға көшіріп жатқан Бүркіттің той жасауға уақыты тапшы.

Бұдан бөлек, Бүркіт қазіргі жастардың кеш үйленуінің себебін айтты.

«Кеңес дәуірі кезінде коммунизм болды. Ол кезде ақша әрқайсысына бөлініп беретін, жұмыс істеген адамның ақшасы бар. Сантехник, электрик болсаң да, зауытта жұмыс істесең де, ақшаң бар. Сондықтан ол кезде барлығы уақытында үйленетін.

Қазір заман өзгеше. Барлығы тиынға тіреледі. Екінші жағынан, ғаламтор бар. Барлығының көзі ашылды. Тамсанып қарайды, қыздардың да мінез-құлқы өзгереді. Кім кедей болып өмір сүргісі келеді? Барлығы табысты отбасына барғысы келеді. Жігіттер де соған сай жұмыс істеп, ақша тапқысы келеді. Содан кейін ғана отбасын құрады. Ата-анасының мойнында отырғысы келмейді ғой», – деді Бүркіт.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.