Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҒМ: Онлайн форматта оқытып жатқан ЖОО-ға қаржы 2-3 есе аз бөлінеді

0 208

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлі күнге дейін онлайн форматта білім беріп жатқан оқу орындарына бөлінетін қаражат мөлшері қысқаратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Педагогикалық білім беру бағыты бойынша лицензиясы бар университеттердің бәрі тиісті жұмысты жүргізуі керек. Қазір 86 университеттің 50-ін ғана қалдырдық. Егер білім беру сапасы бойынша тиісті деңгейді көрсетпесеңіздер, лицензияны қайтарып аламыз. Бірақ біз үшін бұл басты мақсат емес. Бізге керегі – сапа», – деді министр.

Сондай-ақ ол кейбір ЖОО-ның әлі күнге дейін онлайн білім беріп жатқанын сынға алды.

«Қазіргі уақытта республика бойынша тәулігіне санаулы адам ғана коронавирус жұқтыруда. Алайда кейбір университеттер әлі күнге дейін онлайннан шыға алмай жатыр. Қазір қашықтан оқытып жатқан ЖОО-мен келісімшартқа қол қою рәсімін қайта бастадық. Егер сіздер онлайн форматта білім беретін болсаңыздар, онда біз 2-3 есе аз қаражат төлейміз. Сондықтан бұл істі тоқтату керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.