Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұлт артынан жарқырап күн шығады

0 646

Қазағымның басына қайғы төнді,
Қайғы төнді, қазағым тағы көнді.
Ойда жоқта топан су басты ауылды,
Оты өшіп, ауылдың шамы сөнді…

Қазағыма Тәңірім сынақ салды,
Су астында талай үй құлап қалды…
Жан сауғалап тұрғындар үйден қашты,
Ер қамығып, Аналар жылап қалды…

Ойда жоқта табиғат сырын берді,
Жаралардың жарылды іріңдері…
Жайсыз хабар жайылды бүкіл елге,
Ақпарды естіп, жүректер тілімделді…

Бәрі болды, байқаймын қас қағымда,
Қара бұлт қаптады аспанымда.
Жан сауғалап, лаж жоқ, сәбиді алып
Тал қармадың, үйіңді тастадың да…

Қалың елім, қазағым, қамықпағын,
Жалғызбын деп, бауырлар, тарықпағын…
Барша халық бірлікте өздеріңмен,
Қамқорлықта боласың барлықтарың!

Ауған емес сынақта бір де теңім,
Су астында қалмайды бір мекенім…
Айналайын қазағым, біліп қойғын,
Бүкіл елдің Сіздермен бірге екенін!

Президент бір бүгін өздеріңмен,
Байқадық қой, оны біз сөздерінен…
Туған үйге оралған кезде, достар,
Нұр шашады әлі-ақ көздеріңнен!

Демейді еш, бір адам демеп болдым,
Жасық болма сынақта, өжет болғын.
Қазағым жұмылуда жұдырықтай,
Бүкіл халық созуда көмек қолын!

Бұлттан кейін білемін күн шығады,
Жүректерден қуанған үн шығады…
Ертеңгі күн бүгіннен нұрлы болсын,
Жылытсын бойларыңды күн шуағы!

Шакизат Акимов,
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.