Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бөлінген қаржы мақсатты жұмсалу керек

0 700

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларындағы қала бюджетінің орындалуы мен шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Сондай-ақ өзгеде салалар бойынша шешімін күткен мәселелер күн тәртібіне көтеріліп, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.
Жиында ең әуелі сөз алған қала әкімдігі қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Қалмаханбетованың сөзіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 1 – тамызына қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы 110,2 пайызды құраған екен. Кезеңге жоспар 39 341,1 млн теңге болса, орындалуы 43 341,1 млн теңге немесе 4,0 млрд теңгеге артық. Оның ішінде өзіндік кірістер 117,1 пайыз. Мұндағы жоспар 22 280,9 млн теңге болса, 3 804,2 млн теңге артығымен орындалған.
Босқосуда сөз алған қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың айтуынша, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде оң динамика сақталыпты. Негізгі капиталға салынған инвестиция, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, бөлшек сауда айналымы мен пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі жоспарға сай жүргізіліп, жүз пайыздық межені қамтыған.
Аппараттық кеңесте бұдан бөлек жол, мектеп, тұрғын үй құрылыстары мен Түйте каналын абаттандыру, қаңғыбас иттердің санын азайту сынды мәселелер де қаралып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.