Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін Президент Тоқаев Мәжіліс отырысына қатысады

0 391

Бүгін 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске қатысады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Эфир «Хабар-24» телеарнасынан көрсетіледі.

Бұған дейін ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында 11 қаңтарда Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы жөнінде ұсыныс енгізетінін және әлеуметтік-экономикалық саладағы проблемаларды шешу жөнінде нақты міндеттер қоятынын атап өткен болатын.

Сондай-ақ, кадрлық өзгерістер туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан болатын.

«Президент Үкіметті отставкаға жіберді. Қазір барлық минист міндетін атқарушы… Президент өзі шешеді: кімді қалып, кім қызметінен кететінін. Үкімет қайтадан құрылады. Әрине, кадрлық өзгерістер болатыны сөзсіз», – деді ол «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Премьер-министрдің міндетін атқару уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.