Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқараның мәселесі басты назарда

Қала әкімі тұрғындар тілегін ескерусіз қалдырмайды

0 237

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қызметке тағайындалған уақыттан бастап жоспарлы және жоспардан тыс халықпен кездесулер өткізуде.

Мәселен, «Шөлдала», Ы.Сүлейменов көшесінің соңында орналасқан алқап тұрғындарымен 2 рет жүздесті. Көтерілген мәселелердің бірқатары қазірдің өзінде шешімін тапқан.
Ал №15 ықшамауданында 4 рет тұрғындардың шағымы мен пікірі тыңдалған. Мұндағы басты мәселелер: коммуникация жүйелері мен жолдар-ды кеңейту, әлеуметтік нысандар салу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қосымша қоғамдық көліктің қатынауы, тұрғын үйлердің сапасы. Бүгінде ықшамауданның егжей-тегжейлі жоспары қайта қаралып, әлеуметтік нысандармен қатар, көгалдандыру, саябақ пен гүлзарлар салу жұмыстарына мән берілмек. Алайда коммуникация жүргізу толық аяқталмай, жолдарды кеңейту және көгеріштендіру жұмыстары басталмайтыны мәлім. Сол себепті бүгінде коммуникация желілерін ауыстыру басталған. Жаңа жобаға сәйкес, бұл жұмыстар алдағы 3 жыл көлемінде толық шешімін таппақ. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер жолдары мен көлік жылдамдығын бәсеңдететін жасанды кедергілер қойылды.
Сондай-ақ №3 аумақтық округ тұрғындарымен кездесуде халық тарапынан жаңадан бой көтерген №61 мектеп маңындағы қауіпсіздік мәселесі көтерілген болатын. Яғни тараздықтар бағдаршам, тротуар, көше жарығы және 2 аялдама қоюды сұраған. Аталмыш мәселелердің шешімін табатындығын айтқан шаһар басшысы сала мамандарына нақты тапсырмалар берген болатын.
Қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында Бақытжан Әмірбекұлы мен жобалаушы компания басшысы, жауапты мамандар жоғарыда аталған мәселені туындаған жерде талқылап, нәтижесінде нақты шешімдер қабылданды. Ал Тектұрмас аумағындағы тұрғындармен кездесуде зират қоршауын жол бойынан бірнеше метр тысқары жерге орналастыруға уағдаласты.
Айта кету керек, шаһар басшысының жоспарға сай аумақтық округ тұрғындарымен кездесулері туралы хабарландыру әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ әр жұма сайын азаматтарды жеке сұрақтарымен алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.