Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың халық алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басқарма, бөлім, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары мен тұрғындар қатысты.
Алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған жоспарларды баяндаған шаһар басшысы бұқараның базынасына құлақ түрді. Тұрғындар да өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.