Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқаралық спортқа баса мән берілуде

0 493

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 37 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға жалпы 2 628 адам қатысты. Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 35 спорттық алаңша жүйелі түрде тегін жұмыс атқарып, 7 925 баланы қамтуда. Жалпы 2022 жылы Тараз қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 168 557 адам, яғни қаладағы жалпы халық санынан 39,5 пайызы шұғылдануда.
Қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Тараз қаласында жалпы қолжетімді 652 спорт нысаны жұмыс істейді. Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жыл басынан бірқатар бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, 2023 жылдың 20-22 қаңтар күндері Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облысы каратэ-до федерациясының ұйымдастыруымен №49 мектеп-гимназиясының спорт залында ұлдар мен қыздар арасында 23 салмақ дәрежесі бойынша WKF каратэден Тараз қаласының ашық чемпионаты өткізілді. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және Жамбыл облыстық баскетбол 3х3 федерациясы бірлесе отырып 16 жастан жоғары жастар арасында баскетболдан Тараз қаласының ашық турнирін ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа 16 команда қатысып, 100-ден астам спортшы қамтылды.
Тараз қаласында қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі және қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік, сондай-ақ өзге де көмекті ұйымдастыру мақсатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаратау» (2) ықшамауданында орналасқан №18 кіші футбол алаңшасында кіші футбол, гір тасын көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Жарысқа 3 команда қатысып, 40 жуық адам қамтылды.
Спорт саласы бойынша жыл басынан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығының Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан өткізілген және алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат бөлімнің «Instagram» парақшасына жарияланған.

Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.