Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде

0 110

Қойнауы  тоқсан тарау тарихи  мекен  – Жамбыл өңірінің даму қарқыны көңіл қуантады. Қай салада болмасын, толымды тірлік атқарылып, серпінді жобалардың оң нәтижеге бастағанын байқайсыз. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға көңіл марқаяды.

Мәселен, ауданда 2022 жылы қаңтар-сәуір айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 807,5 млрд.теңгеге орындалып тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3 пайызға орындалған. 2022 жылы қаңтар-сәуір айында бөлшек сауда көлемі 3 436,3 млн.теңге немесе 124,2 пайызға жеткен. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылдың қаңтар-сәуір айына 13 085,4 млн.теңге немесе 261,9 пайызға орындалыпты.

Ауданда индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындау шаралары да белсенді жүргізілуде. Осы жұмыстардың аясында 2021 жылы кәсіпкерлікті дамыту картасына енгізуге 2 жоба ұсынылған. Мысалға «Аса-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 21 мың тоннаға дейін құс етін өндіру жобасын енгізген. Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда құс фабрикасы іске қосылып, табысты жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, «Аса-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикасы 4 корпусының іске қосу жобасы егізілді. Жылына 60 миллион дана жұмыртқа өндіруді көздеп отырған фабрика құрылысының жалпы құны 200 миллион теңгені құраған. Аталған жоба да сәтті іске қосылып, Әулиеата өңірі мен еліміздің өзге де аймақтарын жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр. Ал, биылғы жылдың аяғына дейін «ОргСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің гипстан тамақ қоспаларын дайындау цехының құрылысы жобасы енгізілген.

Сонымен қатар, ауданда «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы да қарқынды жүзеге асуда. Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бағдарлама аясында 2021 жылы 25 жобаға қолдау көрсетіліп, жалпы құны 189 миллион теңгеге несие берілген. Оның ішінде – «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» шартымен 20 жоба – 87,9 миллион теңгеге, «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» шартымен 5 жоба – 101 миллион теңгеге қаржыландырылған.

Бағдарламаның жетіспейтін «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу» құралы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесіне «Таскөл» демалыс орнына электр желісін тарту жобалары бойынша ұсыныс жолданып, оң шешімін алды.  Облыстық энергетика басқармасы тарапынан 77,2 миллион теңгеге тиісті шаралар қабылдануда.

Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бағдарлама іске асырылғалы бері ауданнан 25 жоба 1 миллиард 911 миллион теңгеге несиелендрілген. Ашылған жұмыс орындарының саны 543 бірлікті құрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.