Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазына қаржысы тиімді жұмсалуы керек

0 473
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Басқосуда әуелі сөз алған қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаев 2024 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы туралы баяндады. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, есепті мерзімде шаһар бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 108,4 пайыз, жоспар 47 132,3 млн. теңге болса, орындалуы 51 079,3 млн. теңге немесе 3 947,0 млн. теңгеге артық. Оның ішінде, өзіндік кірістер 119,5 пайыз, 25 441,2 млн теңгеге орындалуы көзделсе, 30 409,7 млн. теңге немесе 4 968,5 млн. теңгеге артық орындалуы болжамдануда.
Ал қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың айтуынша, қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде оң динамика сақталған. Негізгі капиталға салынған инвестиция, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, бөлшек сауда айналымы мен пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі жоспарға сай жүргізіліп, жоғары межені қамтыған.
Кеңесте бұдан бөлек жол жөндеу жұмыстарының барысы, округтердегі тазалық, референдум өтетін учаскелерге мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру, көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту секілді маңызды мәселелер қаралды.
Өз кезегінде Бақытжан Әмірбекұлы қазына қаржысы тиімді әрі мақсатты жұмсалуы керектігін баса айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.