Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азық-түлік бағасы бақылауда

0 725

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрғалығымен өткен кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.

Жиында әуелі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, өңірдегі инфляцияның қалыптасуы бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндама жасады.
Өз кезегінде облыс әкімі тұрақтандыру қорын негізгі әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерімен толтырып отыру жұмыстарын үздіксіз атқарып, сауда орындарында үстемеақыны 15 пайыздан асырғандарға айыппұл қолдану және өндіру шарасын күшейту керектігін баса айтты. Сондай-ақ, сауда дүкендерінің сөрелерін өз өңірімізде өндірілетін өнімдермен барынша қамту маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, жиын барысында тұрақтандыру қорының қызметі, көктемгі егіс-дала жұмыстарының барысы, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы да талқыланды.
Аймақ басшысы жаздық дақылдардың жоспарлы көлемі орындалмаған бірқатар аудандардың басшыларынан жауаптар алып, бөлінген жанар-жағармайдың игерілуі, тұқыммен қамтамасыз ету, техникалардың жұмысына қатысты мәселелердің бар-жоғын нақтылады. Сондай-ақ басқосуда қаралған барлық мәселелер бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы да сараланды.
Кеңес соңында аймақ басшысы жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті шараларды қабылдауды, «Айналым қаражаты» схемасы бойынша бөлінген қаржыны игеруді, сауда орындарына делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі тапсырманың сапалы орындалуын қадағалауды, көктемгі егіс-дала жұмыстарын мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, «Ауыл аманаты» жобасы аясында елді мекендерде жобаның сапалы іске асырлуын арнай жұмыс тобын құрып тұрақты зерделеуді тапсырды.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.