Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғазизхан Шекербеков: Әйеліме шынайылығы үшін ғашық болғам, кейіннен ол мінезі ашуыма тие бастады

0 419

Ғазизхан Шекербеков алғаш рет жары туралы, онымен қалай танысқаны жайлы айтты. Әнші ата-анасы, отбасы мен шығармашылығы жайлы сөз етті. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғазизхан Шекербеков ерекше әндерімен, сазгерлік өнерімен көпке таныс. Бірнеше атақты әншілермен дуэт айтты. Өзі еліктеп өскен Мейрамбек Бесбаевпен ән шырқады. Қайрат Нұртаспен біраз уақыт жұмыс істеді. Бұл оның танылуына себеп болды.

“Менің әкемді Шымкентте бәрі таниды. Ол кісі өте өнерлі еді. Аспапта да ойнайды. Ән де айтады. Бірақ цирк өнеріне ерекше ғашық болғандықтан, сол жолды таңдады. Өмір бойы циркте өнер көрсетті. Мені баулып көрді. Бірақ менен қызығушылық болмады. Сондықтан інімді тәрбиеледі. Інім әлі күнге дейін әке жолын қуып циркте жұмыс істеп жүр”, – деді әнші.

Бала күнінен әнші болуды армандаған ол Мейрамбек Бесбаевқа еліктеп өскенін жасырмайды. Әнші болу үшін барын салып, тойға шығып кафелерде ән айтқан. Ата-анасы оның қабілетін байқап, тосқауыл бомаған екен.

“Мектеп кезінде ән айтатынмын. Топ құрып, ән жазып жүрдік. Кейін тойларға шықтық. Алматыға келген уақытта Арман Дүйсеновпен жұмыс істедім. Ол кісіге тек алғыстан басқа айтарым жоқ. Кейін бөлек кеткім келді. Өз әндерімді айтқым келді. Бала күнімнен қырсықтығым бар. Өзім қалаған әнді айтқым келді. Жеке әнші болғым келді. Кейін Қайрат Нұртасқа ән жазып жүрдім. Қайрат менің әндерімді ұнатқан соң менімен танысқысы келді. Солай араласып, бірге ән айтып кеттік. Бірге концерттерге шықтық. Қайраттың арқасында таныла бастағаным жасырын емес. Оны ешқашан жоққа шығарған емеспін. Қайрат әнге ғашық жігіт қой. Қасында жүрсең айқайлап ән айтады да жүреді”, – деді Ғазизхан.

Әнші махаббатты өте қадірлейді. Махаббатпен үйленіп жатқан жастарға, махаббат үшін күресетін жандарға риза. Бұл ретте өз жарымен қалай танысқанын баяндады.

“Арман ағамен “Арман” тобын құрып, ән айтып жүрген едік. Желіде бір қыз сол әнімді жүктеуді сұрап хат жазыпты. Жеке парақшасында кіріп көрдім. Суреті тартқандай болды. Солай таныса бастадық. Танысып көрдік. Жақсы қыз екен деп ойладым. Ол кезде алып-ұшып жүрген кез. Басқа да қыздармен сөйлесіп жүрдім. Ақырында маған әйел бола алатын осы қыз деп ойладым. Үйленейік дедім. Талаптарымды айттым. Ол келісті. Қазір еш өкінбеймін. Ол өтірік айта алмайтын адам. Сол шынайылығына ғашық болғанмын. Бірақ кейін сол мінезі ашуладыратын болды. Неге өтірік алдай салмайды екен, неге өтірік күле салмайды екен деп ойлаймын. Жалпы қазір бір-бірімізді түсініп, бір арнаға түстік”, – деді әнші.

Айтуынша, жарының есімі Ботагөз. Алматы облысы, Кеген ауылының қызы.

“Әйелім албан елінің қызы. Алматыда қайын ағаларым көп”,  деп әзілдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.