Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажетті тауарлар қолжетімді бағада сатылды

0 86

Жуырда ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Жалпы құны 73,5 миллион теңгені құрайтын 96,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 12,2 тонна ет, 3,0 тонна шұжық, 4,3 тонна сүт, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 68,9 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері және 6 мың дана жұмыртқа бар. Бағалары да арзан әрі қолжетімді. Мәселен, жылқы еті – 2400, сиыр еті – 2200, қой еті – 2000, сүт өнімдері түрлеріне қарай – 290-1000 теңге және жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері 50-270 теңге аралығында саудаланды.

Жәрмеңкеге қала әкімі Бақытжан Орынбеков те қатысты. Ол сөрелерді аралап көріп, тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады. Сондай-ақ шаруалармен және тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асты.

Қолжетімді бағадағы жәрмеңкелерді ұйымдастыру шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Лаура Абайқызы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.