Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қажетті өнімдер – қолжетімді бағада

0 601

Бүгінде бағаның құбылмалылығы – қарапайым тұтынушы үшін де, өнім өндіруші шаруа үшін де өзекті мәселе. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мемлекет пен жергілікті басқару органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.

Осы мақсатта Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, Жамбыл даңғылы, №18 «Д» мекенжайында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында кезекті жәрмеңке өтті.
Шарада жалпы құны 10,3 миллион теңгені құрайтын Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының 16,15 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.
Оның ішінде 500 келі тауық еті, 1 тонна шұжық, 2 тонна сүт, 1 мың дана жұмыртқа, 50 келі тұз, 100 келі балық, 3 тонна ұн, 500 келі бал және 500 келі кондитерлік, 500 келі макарон, 8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.