ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау ұйымдарының жаңа мемлекеттік стандарттары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Нормативке сәйкес, халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендер үйге келетін медицина қызметкерімен қамтамасыз етілетін болады, бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі мекендерде медициналық пункттер, ал халық саны 500-ден 1500-ға дейін болса, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылады», – деді Ажар Гиният.
Сонымен қатар, 1500-ден 5000-ға адамға дейінгі ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар ашылады, 5000-нан астам тұрғыны бар жерлерде Алғашқы медициналық көмек орталықтары пайда болады.