Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚАЖ қызметкерлері сенбілік өткізді

0 385

Көктем келіп, күн жылынған соң айналаны күл- қоқыстан тазарту – қалыптасқан дәстүр. Қыс бойы қар астында жатқан шіріген жапырақтар мен өзге де түрлі қалдықтар қоршаған ортаның көркіне айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі. Айналаны тазартып, абаттандыру жұмыстарына бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД #58 мекемесінің қызметкерлері де белсене кірісті. Айыр, тырма, сыпырғысын қолға алған тәртіп сақшылары ауланы сыпырып, әктеп- сөктеді. Тазалық жұмыстарынан соң түрме аумағы мұнтаздай тап-таза кейіпке енді. «Тазалық – денсаулық кепілі» қағидасын қашан да қаперде ұстайтын ұжым бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыруға мүдделі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.