Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазфосфат» қызметкерлері МӘМС мәселелерін талқылады

0 1  531

Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының филиалы «Казфосфат» тыңайтқыш шығару өнеркәсібі орны ұжымдарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының филиалы директорының орынбасары Ғайни Аймағанбетова, бөлім басшысы Даурен Бурханов, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Парида Мамедова сөз сөйлеп, МӘМС жүйесінің жұмысы туалы кеңінен ақпарат берді.

Атап айтсақ, Ғ.Төленқызы ТМКК мен МӘМС жүйесі аясында көрсетілетін қызметтер, медициналық қызметтің қолжетімділігі, сапасы мен КТ,МРТ сынды диагностикалық медициналық тексерулерден өту туралы әңгіме өрбітті. Бөлім басшысы Д.Сәрсенбайұлы ұзақ мерзімді демалысқа шыққан жағдайда сақтандыру мәртебесін сақтап қалу туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында Қор филиалының өкілдері пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын түсіндіріп, Заң талаптары мен ережелерін айтып берді. Азаматтарды өз құқықтарын білуге шақырды.

Айта кетсек, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады. Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады.

Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, Бұдан әрі – «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.

Egov.kz электрондық үкімет порталы. ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. «Мәртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып, ЖСН көрсету жеткілікті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.