Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азаттығымыздың айшықты айғағы

0 535

Еліміз тәуелсіздік алған соң оның ең әуелі сипаты, саяси жүйесі, идеологиясы және сонымен бірге қоғам, оның санасы өзгерді. Осыған орай егемен мемлекетке жаңа рәміздер қажет еді. Бұл рәміздер ата-бабамыз армандаған тәуелсіздік идеясын жарқыратып көрсетуге тиіс болатын.

Осы мақсатта 1992 жылдың қаңтар айында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттік Туына, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Әнұранына конкурс жариялады. Бұл өз тарихыңмен өз жараңды емдеудің рухани әділ емі еді. Өйткені Ту, Елтаңба, Гимн – елдіктің, ұлттық болмыстың өлшемі, арман-мүдденің көрінісі.
Мемлекеттік Ту авторларының бірыңғай көгілдір түске тоқталуы тегін емес. Себебі ол – аспан мен тіршілік нәрі судың да түсі. Халықаралық ауқымда алып қарасақ, саясатта ашық көк түсті ту көтерген халық барынша сеніммен, түсіністікпен қабылданады. Сонымен қатар көгілдір түс халқымыздың этномәдени бірлігін білдіреді әрі мемлекеттің тұтастығын меңзейді. Яғни ала-құла емеспіз. Ал Тудың ортасындағы күн – өмір бастауы мен қуаттылық. Көшпенділер уақытты күннің жылжуымен белгілеген. Бүркіт те біздің халқымыз үшін көкке самғаған киелі құс. Бұл – тәуелсіздіктің символы, самғап бара жатқан сұңқарды ешкім тоқтата алмайды. Бұл идея да егемендік алған жас мемлекетіміз әлемдік өркениеттік биігіне жетсін деген мақсатпен жүзеге асты.

Гүлшат Айтбаева,
Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.