Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық жас теннисші Норвегияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

0 146

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы жекелей сында Норвегия астанасы Ослода 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің жеңімпазы атанды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар жұптық сында да табысты өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. З.Нұрланұлы жекелей сында 2 сағат 40 минутта созылған соңғы бәсекеде франциялық Лене Кутюрьені 4:6, 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда жарыстың 1-ракеткасы, Францияның 14 жасқа дейінгілер арасындағы үздік ойыншысы Лене Петитаны 7:5, 7:6 есебімен жеңді. Бұл ойын да тартысты өтіп, 2 сағат 18 минутқа созылды.

Осылайша Заңғар Нұрланұлы биыл Tennis Europe сериясындағы үш жарыстың чемпионы атанып, тағы екеуінде финалға дейін жетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.