22 және 24 қазан аралығында қыздар арасында жылдам шахмат бойынша Азия чемпионаты өтті. Asian Youth Chess Championship-2021 турнирінде 8, 10, 12, 14, 16, 18 жас категориялары бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа Қазақстан атынан 11 шахматшы қатысқан. Олардың төртеуі жарыста жүлделі орындарды иеленді.
ФИДЕ шебері Ксения Балабаева мен Елназ Қалиахмет 16 және 12 жасқа дейінгі категорияда Азия чемпионы атанды. Жеңімпаздарға Алтын сертификат табысталған.
12 жасқа дейінгі жас категориясында Нұрсұлу Оразалина күміс жүлдегер атанды. Ал 10 жасқа дейінгі жас категориясында Айуару Алтынбек екінші орынды жеңіп, Күміс сертификатпен марапатталды.
Айта кетейік, Үндістанда өткен шахмат суперлигасында Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанған болатын. Ол Pivotal Pawns командасының құрамында өнер көрсеткен еді.