Қырғызстандық сарапшылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі халықтың қалтасына «үңіліп» көрді. Қазақстандықтардың табысы бәрінен де көп болып шықты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметі бойынша Қырғызстанда 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы орташа айлық жалақы — 18 957 сом (шамамен 95 мың теңге — ред.).
Қазақстанда тамыз айындағы мәлімет бойынша орташа айлық жалақы 256 455 теңгені құрады (50 мың сомнан асады).