Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар туған әкесі зорлаған қыздың анасына пәтер алып берді

0 1  439

Қазақстандықтар сұмдық оқиғадан кейін қиын жағдайға тап болған отбасына пәтер алу үшін қаражат жинап берді. Туған әкесі он екі жасар қызын зорлаған. Елдің жағасын ұстатқан жаңалық жарыққа шыққаннан кейінгі жиналған қаржы үш бөлмелі пәтер мен жиһаз алуға септігін тигізген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы алматылық әйел қуанышын жасыра алмайды. Өзі болса мұндай пәтерге қол жеткізем деп мүлдем ойламағанын айтады. Кішкентай бөлмелі үйге көзі үйреніп қалған ол қазір хан сарайындай үйге қол жеткізген. Тұрғын үйге қаражатты меценаттар мен қамқор жандар жинап берген.

«Мен тіпті қуанышымды қалай жеткізерімді білмеймін. Мен тек балаларыммен өмір сүріп келген тар үйден құтылғым ғана келді. Алайда мынандай үлкен үйді сыйлайды деп ойлаған да жоқпын. Су, жарық, жылу барлығы бар. Бізге көмектескен адамдардың барлығына үлкен алғысымды айтамын. Балалар да қуанып жүр», – дейді Алматы қаласының тұрғыны.

Отбасының басынан өткен тарихы бұған дейін айтылған. Күйеуі өз қызын қорлағаннан кейін шаңырақ қиын жағдайға қалып қойған. Ер адамды түрмеге тоғытқанмен артында қарыздары қалып қойған. Осы себепті әйел түр әлпетін көрсеткісі келмейді. Болған жағдай көпшіліктің құлағына шалынғаннан кейін, халық қаражат жинай бастаған.

Жайлы пәтерді отбасына ішіндегі жиһаздарымен бірге табыстаған. Тұрғын үйдің құны жиырма бес миллион теңге. Қалған қаражатты еріктілер бұрынғы күйеуінен қалған қарыздарды жабуға көмектескен. Үлкен қиыншылықтан кейін бақытқа қол жеткізген отбасы қазірдің өзінде тіркеу қағазын алып, қоныс тойын тойлауға дайындықты бастап кеткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.