Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтарға төлқұжатындағы суреті неге ұнамайды?

0 801

Қазақстандықтардың төлқұжатқа түскен суреті неге сәтті болмайтыны анықталды. Бұны Facebook қолданушысы Ерлан Оспанов байқаған. Оның айтуынша, ол ХҚКО-да камера объективі 24 миллиметрлік қысқа фокусқа орнатылғанын байқаған, бұл құжаттарға арналған суретке келмейді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агентігі Tengrinews.kz сайтаны сілтеме жасап.

«Бұл фокуста ешкімге өз суреті ұнамайды. Портреттер 85 мм-де түсіріледі. Немесе 100 мм (кропкамералар үшін – 55 мм). Сәйкесінше, нысан 24 мм-де түсірілгенде камерадан алысырақ орналасуы керек. Сонда бет әдемі болады. Қысқа фокус панорамаларды, пейзаждарды түсіруге арналған. Қысқа фокустағы портрет (24-36 мм)», – деді Ерлан Оспанов.

Көп қолданушы жазба авторымен келісіп, кей жағдайда сурет айтарлықтай өзгеретінін айтқан. Кейбір пікір білдірушілер құжаттағы суретін көрсетуге ұялатынын айтқан.

Бұл жазбаға «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарушы директоры Байрам Азизов түсініктеме берген.

«Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды құжаттандыру үшін қолданылатын камераларды ҚР ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығы қамтамасыз етеді. Фотосуреттің сапасы мен параметрлеріне, форматына қойылатын барлық талап осы құжатта көрсетілген. Егер камералар істен шықса, жөндеу жұмыстарына Ақпараттық өндірістік орталығының қызметкерлері де тартылады. ХҚКО қызметкері тек суретке түсіреді және планшетте клиенттің қолтаңбасын қабылдайды және оларды ақпараттық жүйеге енгізеді. Бұл біз назарға алатын және болашақта оқытуды қамтамасыз ететін қызықты байқау», – деді Азизов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.