Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық студенттердің стипендиясы тағы өседі

0 446

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай студенттердың шәкіртақысы тағы екі есеге өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өскенін атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.

Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы да көбейеді.

«Президент тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Айта кетсек, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді.

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.

Магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.