Қазақстандық Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Софияда (Болгария) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Ол жекелей көпсайыста медальға таласпақ. Біліктілік қорытындысы бойынша Таниева аралық 14-орынға ие болды.
Ал Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін 24-орынмен аяқтады. Өкінішке орай, ол 18 финалисттің қатарында болмады.
Шешуші ойын 17 қыркүйекте өтетін болады.