Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды

0 1  628

Санаулы сəттер бұрын Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Ертеңнен бастап 13 қарашаға дейін Иордания төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады.

Бұл жолы сары құрлықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі. Осы тұста бəсекені Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайтынын айта кету керек. Бұл дегеніміз – Ұлттық құраманың жартысынан көбі.
Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен, кемі қола медальге ие болады. Алайда жерлестеріміз мұнымен шектеліп қалмайды деп сенеміз. Ерлер арасындағы жеребе:
1/8 айналым
48 кг. Санжар Ташкенбай – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
51 кг. Сәкен Бибосынов – Нуржигит Дуйшебаев (Қырғызстан)/Кумар Спарш (Үндістан)
57 кг. Серік Теміржанов – Абукузаил Турки (Кувейт)/Ихлас Гылычжанов (Түркменстан)
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Шунсуке Китамото (Жапония)/Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)
67 кг. Дулат Бекбауов – Сапармурат Одаев (Түркменстан)
71 кг. Асланбек Шымбергенов – Пианар Маржон (Филиппин)
Ширек финал
54 кг. Махмұд Сабырхан – Чожан Фануват (Таиланд)/Ганболд Доржнямбуу (Моңғолия)
60 кг. Саматәлі Төлтаев – Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан)/Шукур Овезов (Түркменстан)
75 кг. Нұрқанат Райыс – Сагын Сатыбалдыуулу (Қырғызстан)/Кан Чей Вей (Тайбэй)
80 кг. Нұрбек Оралбай – Анвар Насрединов (Камбоджа)/Жонгжохо Вирапон (Таиланд)
86 кг. Сағындық Тоғанбай – Навруз Джафоев (Тәжікстан)
92 кг. Айбек Оралбай – Навин Кумар (Үндістан)
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Вишах Моханнад/До Хьен Ким ( Оңтүстік Корея)

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.