Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық боксшы 33 рет жеңіске жеткен доминикандықты нокаутпен жеңді

0 332

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингте кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыста Шваб Сосуадағы (Доминикан Республикасы) бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы – бұған дейін 33-3, 28 КО көрсеткішімен рекорд орнатқан жергілікті боксшы Даниэль Рамирес болды. Алайда бұл жолғы айқас соңына дейін жеткен жоқ. Николай Шваб Даниэль Рамиресті нокаутпен жеңді.

Бұл Швабтың кәсіпқой рингтегі – сегізінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші айқасы. Рамирес төртінші рет жеңілді.

Николай Шваб бұған дейінгі айқасын өткен жылы 9 шілдеде өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен америкалық Рондейл Хуббертті (14-23-3, 8 КО) Майамиде (АҚШ) жеңген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.